Вторник, 22 сентября 2020 11:10

Көлсай көлдері МҰТП РММ

Осы жылдың 7-ақпанында «Көлсай көлдері» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің құрылғанына 10 жыл толды.

Көлсай көлінің аты өткен ғасырдың жетпісінші жылдары тұсында таңыла бастады. Оның ең бірінші ашылуына ат салысқан және себепкер болған сол кездегі мемлекет басшысы, қазақ халқының біртуар азаматы Дінмұхамед Ахметұлы Конаев еді. Бұл ретте қоғам қайраткері, Алматы облысының басшысы болған Асанбай Асқаровтың да еңбегі зор.

Үкімет 1998 жылы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің қарамағына Көлсай көлін ғылыми негізде ары қарай дамыту мақсатымен қамқорлыққа алды. 1999 жылдан бастап парктің құрылуы жөніндегі негіздемеге экологиялық сараптама жүргізіліп, аумақ табиғатын сақтап қалу мақсатында біраз жұмыстар жасалды. Бір жылдан соң орман және аңшылық жөніндегі комитетке аумақты ұлттық парк есебіне қосып, ерекше қорғалатын табиғи аумақ статусына көтеру жайлы ұсыныс жасалды. Ұсыныс қолдау тауып, негіздемеге арнайы қаржы бөлінді.

«Көлсай көлдері» МҰТП мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 07.02.2007 жылғы № 88 қаулысына сәйкес құрылды. Ұлттық парктің жалпы алаңы - 161 045 га. Комитет бұйрығымен Мықитанов Жамбыл Қатайұлын парк директоры етіп тағайындады. Ол кісі 2007 – 2010 жылдар аралығында мекемені басқарды. Ұлттық парк ұжымын 2010 жылы – Байтұрбаев Қуат Нұрақымұлы, 2011 жылдан бері - Малыбеков Әміржан Байниетұлы басқарып келеді. Бекітілген құрылым бойынша ұлттық парк жұмыскерлері штат кестесіне сәйкес – 126 бірлікті құрайды.

Өткен 10 жыл ішінде парк сатылап дамып, бүгінде республика көлемінде ғана емес, алыс- жақын шетел азаматтарына да танымал деңгейге көтеріліп келеді. Бүгінде ұлттық паркт аумақтың табиғатын зерттеу, байлықтарын үнемдеу, қорғау және сақтау бағытында үш бөлім - ғылым және мониторинг бөлімі; экологиялық ағарту және туризм бөлімі; табиғат кешендерін қорғау, қалпына келтіру бөлімі жұмыс жасайды.

Ұлттық парк ботаника, зоология инститтуттары сияқты ғылыми мекемелердің білікті мамандарымен бірлесіп зерттеу жұмыстарын жүргізу жайлы өзара келісім-шартқа отырып, жоспар бойынша қомақты істерді МҰТП аумағында табиғатты қорғау заңнамаларын бұзу фактілерінің алдын алу, анықтау мақсатында мекеме Райымбек аудандық ішкі істер бөлімімен, «Саты» шекара заставасымен бірлесіп, жұмыстар жүргізеді. Мекеме шектеулі шаруашылық жүргізу мүмкіндіктерін пайдалана отырып, орманды жанама пайдалану тәртібі негізінде Саты, Қарабұлақ, Күрметі ауылдарының тұрғындарына мал жаюға, шөп шабуға, дәрілік шөптер мен саңырауқұлақтар жинауға рұқсат етіп, ережелер негізінде қадағалап отырады.

Туризм саласында да түрлі өзгерістер жүріп жатыр. Жыл сайын күшейе түсетін туристердің миграциясы қоршаған ортаға қауіп төндіруде. Экологиялық талаптарды ескермей, жаппай туризмді дамыту табиғат кешендерінің біртіндеп құлдырауына әкеледі. Осыған байланысты көптеген елдерде туристік ағымдарды жоспарлы территориялық ұйымдастыру жүзеге асырылады. Туризмнің бұл түрі «экологиялық туризм» деген атқа ие болды.

Бүкіл әлемде экологиялық туризм қандай да бір деңгейде дамыған. Кейбір елдерде экотуризм - туризмнің ірі секторы ғана емес, экономиканың саласы болып табылса; келесі елдерде табиғатты қорғаудың арнайы бағыты болып табылады. Біздің елде экотуризм енді ғана таныла бастады.

Экологиялық туризм табиғатты сақтаудан табыс түсірудің маңызды көзі болып табылады. Атап айтсақ - табиғатты пайдаланғаны үшін ақы төлеу, көлікті пайдаланғаны, аңшылық трофейлер үшін ақы төлеу; тамақтану, уақытша тоқтау, көлік, гид қызметтері үшін арендалық ақы алу; берілген аумаққа келетін туристерге жергілікті тауарларды өткізуден түсетін табыс пайыздары; тауарларға, қызметтерге салық салу.

Қазақстандағы экологиялық туризмді дамытуда ерекше қорғалатын табиғи аймақтардың, оның ішінде – ұлттық парктердің рөлі өте зор; әсіресе ондағы рекреациялық ресурстардың маңызын ерекше атап өтуге болады. Мәселен, ерекше қорғалатын табиғи аймақтарда орналасқан табиғи ескерткіштер, су айдындары – өзен-көлдер, олардың жағалауы, ормантоғайлар және де басқа объектілер.

Осындай ұлттық парктердің бірі - «Көлсай көлдері» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі республикалық мемлекеттік мекемесі (МҰТП РММ) Қазақстанның экологиялық туризмін дамыту үшін аса қолайлы аумақтың бірі екені анық. Атап айтқанда, экологиялық сабақтар, семинарлар, ғылыми және танымдық туризм, суретке түсіру, балық, аң аулау, табиғатта демалу, жаяу және атпен сапар шегу, альпинизм, және т.б. Осы аталған қызмет түрлерін жоғары дәрежеде жүзеге асырудың арқасында «Көлсай көлдері» МҰТП РММ елімізде экологиялық туризмнің дамуына айтарлықтай үлес қосуда.

«Көлсай көлдері» ұлттық паркіндегі экотуризм саласы қарыштап дамып келе жатқанын айта кету керек. Мәселен, 2007 жылы парк аумағына 6 822 демалушы туристер келіп парктің арнайы есебіне бар жоғы 1 487 200 теңге құйылса, 2013 жылы туристермен демалушылар саны 12 318 жетіпті арнайы счетқа 12 418 800 теңге жеткізіп, Ал бюджет қоржынына 2 131 000 теңге құйылған болатын. Биылғы 2016 жылы парк аумағына 22 147 демалушы туристер келіп парктің арнайы есебіне 19 921 404 теңге, бюджет қоржынына 4 695 549 теңге құйды

«Көлсай көлдері» Мұтп рмм туристік рекреациялық ақылы қызмет түрлерінен республикалық бюджет және арнайы есеп шотқа түскен түсімдер.

22092020

222092020

«Көлсай көлдері» МҰТП РММ – нің Бас жоспарына сәйкес, № 54 лот бойынша Көлсай орманшылығының 92 орам, 23 телімінде көлемі 0,80 га жер телімі ТОО «J.S. TRAVEL» мекемесіне ұзақ мерзімге пайдалануға берілді. Қазіргі уақытта жобалау сметалық құжаттары әзірленуде. Қарабұлақ орманшылығына қарасты Қайыңды көлінің маңынан 17 орам, 55 телімінен 0,10 га жерді және Көлсай орманшылығынан 92 орам, 1 телім 0,10 ганы жерді жеке кәсіпкерге инфрақұрылымды дамыту мақсатында қысқа мерзімге пайдалануға берілді. Сондай – ақ, Бас жоспарда көрсетілген, Төменгі Көлсай көлінен Ортаңғы Көлсай көліне дейінгі туристтік соқпақ, Автотұрақ орындары, Төменгі Көлсай көлінің және Ортаңғы Көлсай көлінің жаға жайлары абаттандыру үшін қысқа мерзімге 5 жылға жалға беруге 2016 жылдың 7 қыркүйегіне конкурс жарияланып ТОО «J.S. TRAVEL» жеңімпаз болып тағайындалып, қәзіргі уақытта келісім шарт жасалуда. 2016 жылы ұлттық парк аумағындағы туристік рекреациялық аймақта екі жерге жол белгілері орнатылып бұрынғы пайдалануда болған ұлттық парк аумағын пайдалану кезіндегі тәртіптік ережелер мен өрт қауіпсіздігі, заңсыз аң аулау, балық аулау ережелері туралы көрнекілік құралдары жаңартылды. 2016 жылы бас жоспарға сай туристік –рекреациялық аймақтан 2 экологиялық соқпақ: олар «Күрметі ауылы- Ортаңғы Көлсай көлі» және «Талды кордоны- Қыземшек шыңы» атты соқпақтардың төлқұжаты дайындалып Комимтетке келісімдеуге жіберілді.

322092020

Парк Алматы қаласындағы ЖШС «Nata Worldwide Travel», ЖШС «Discover Kazakhstan», «Азия дисковери» ЖШС, «Бласт Тур» ЖШС, ЖШС «Arnai tours», ЖШС «S.N. Gental Grup», «Жібек жолы» компаниясы секілді туристік ұйым-фирмалармен келісім шарт арқылы жұмыс істейді, бұл дегеніміз лыс-жақын шетел-діктердің мекеме аумағына келіп, еліміздің көрікті табиғатын жарнамалауды қамтамасыз етіп отырғандығының көрсеткіші.

422092020

522092020

Бар-жоғы 9-10 жылдық тарихы бар, жас мекеме үшін жоғарыда айтылған жетістіктеріміз ауыз толтырып айтарлықтай дәрежеде деп ойлаймын. Болашағы зор мекеме әлі де биік асуларды бағындырары сөзсіз.

Алайды қабая осы былай болса тіптен жақсы болар еді деп қапаланатын сәттеріміз жоқ емес. Көлсай көлдері» МҰТП республикалық мемлекеттік мекемесі аумағындағы Жоғарғы Көлсай, Ортаңғы Көлсай, Төменгі Көлсай көлдері шамамен 13 млн. текше метр су қоры болса, Қайыңды көлінде шамамен 1,5 млн текше метр су қоры бар.

1980 жылы қатты жаңбырдың әсерінен көлдің ернеуі бұзылып суы 8 метрге төмендеген. 2010 ж. 17-18 19 маусымда үздіксіз жауған нөсер жаңбырдың әсерінен суға толған көлдің ернеуі тағы да бұзылып, 2 метрге су деңгейі төмендеп кетті.

Биылғы үздіксіз жауған нөсер жаңбырдың әсерінен суға толған Қайынды көлінің ернеуі қауіпті жағдайда тұрғаның жасырып қалу мүмкін емес, Сол көлден шыққан өзен арналары арнасынан шығып жолдарды шайып кетті.

Төменгі Көлсаймен Ортанғы Көлсай аралығындағы туристік соқпақтарды су шайып, соқпақ жағалауындағы жар қабақтары құлап, тастары соқпақ бойына домалап, көлсай көліне келуші туристерге қауіпін төндіргеніде өтірік емес.

622092020

Егер алдағы уақыттада жауын шашын тоқтамаған жағдайда, Қайынды көлінің суы қалған табиғи ернеуін бұзып кетуі мүмкін. Көл тасыған жағдайда, Саты ауылын Алматы қаласымен, аудан орталығымен байланыстырып тұрған жолдағы үлкен көпірге және Қайыңды көліне баратын автокөлік жолын, жолдағы адамдар мен көліктерге, жан-жануарларға, Қайыңды өзенінің бойындағы тоғайларға, Шелек өзенінің төменгі арнасында орналасқан Алғабас – Жаңаталап ауылдары мен Бартоғай су қоймасына, Еңбекшіқазақ ауданының бірнеше ауыл, селоларына да қауіп төндіреді деген қорқынышымызда бар.

Мекеме тарапынан Қайынды көліне тоспа жасауға мүмкіндігі жоқ болғандықтан жоғарыда отырған ағаларымыздын құлақтарына алтын сырға. “Қолда барда алтынның қадірі жоқ” дегендей, табиғат әсемдігінің, байлығының бағасын біле алмай, біліп жатсақ – қадіріне жете алмай жатамыз.

Сағыныш АЗИМОВ,

«Көлсай көлдері» МҰТП экоағарту және туризм бөлімінің бастығы

Журнал "Qansonar" 2017 год, №2 (14)

Прочитано 188 раз
Оцените материал
(0 голосов)

footerlogo

 

«Информационно-развлекательный интернет-ресурс об охоте, рыбалке и активном туризме». Наши контакты +77010317229 (Whatsapp), mail@qansonar.com.
© 2020 Сайт Кансонар. Все права защищены. Разработка - Веб студия "IT.KZ"

Яндекс.Метрика